"Мәдениет" арнасы жұмысын бастады

26 қыркүйек күні көрерменге жол тартатын жаңа мәдени-ағартушылық «Мәдениет» телеарнасының көздеген мақсаты:
Қазақстанның ауқымы кең аудиториясына отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстыру.
Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тілдік ортаны дамыту, рухани құндылықтарды насихаттау.
Көрерменнің талғамын көтеру және жан-жақты дүниетанымын арттыру.